Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Жеті бағыт жұмысы түсіндірілді

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 19.01.2021 583 0 пікір
Шымкент: Жеті бағыт жұмысы түсіндірілді

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінде кеңейтілген діни семинар өтті. Жиын жуырда елордада өткен кеңейтілген Төралқа мәжілісінде қабылданған жеті бағыт бойынша атқарылатын жұмыстар пысықталды.

Басқосуды Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов жүргізді. Игі шара барысында орталықтың сала бойынша жауапты мамандарының баяндамалары тыңдалды. Атап айтқанда, наиб имамдар Мұсабек Ақтамберді «2021 жылғы атқарылатын жұмыс жоспары», Мұхамеджан Естеміров «Жеті бағыт жұмыстары», қала имамының кеңесшісі Бекайдар Әміре «Мешіт имамдарының қызметтік әдебі», Қазыбек Сарыбаев «Имамдар форумында қабылданған 10 құжат», қалалық іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы «Мешіт һәм діни кадр мәселелері» және Қаратау аудандық мешіттің бас имамы Дастан Желеуов «Діни ағымдардың алдын алу шаралары» тақырыптары бойынша баяндама жасады.

Сондай-ақ Шымкент қаласының бас имамы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти  Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынып отырған жұмыстарға жеке-жеке тоқталып, имамдарға нақты тапсырмалар жүктеді. Бұдан бөлек биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған түрлі деңгейдегі жұмыстарды және жеті бағытқа жауапты етіп жеті білікті һәм тәжірибелі маманды бекітті. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі