Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Сұлтан: «Әзірет Сұлтан» мешітіне жаңа ұстаз тағайындалды

muslim.kz 19.01.2021 2414 0 пікір
Нұр-Сұлтан: «Әзірет Сұлтан» мешітіне жаңа ұстаз тағайындалды

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұжымы тағы бір білікті маманмен толықты. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Балахмет Мұртаза Ертайұлы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы қызметіне тағайындалды.

Нұр-Сұлтан қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов бесін намазына жиылған жамағатқа жаңа қызметкерді таныстырып, Бас мүфти бұйрығын оқып берді. Бірнеше халықаралық Құран жарыстарына қатысып, еліміздің абыройын асқақтатқан қари Мұртаза Ертайұлына ізгі ниетін білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.

Балахмет Мұртаза Ертайұлы 2017 жылдары «Қауам ад-дин әл-Итқани әл-Фараби ат-Түркістани» республикалық қарилар дайындау орталығында» қасиетті Құран Кәрімді толық жаттап шыққан. 2012-2017 жылдары Көкшетау қаласы «Ж.Мусин» атындағы педагогикалық колледжінде оқыған.

2016 жылы Малазияда, 2017 жылы Индонезия мен Ресейде өткен Халықаралық Құран жарыстарына қатысқан. 2019-2021 жылдары Түркияның Стамбұл қаласындағы «әд-Дияр әш-Шами» медресесінде «Асым» қырағаты, «Шұғба» және «Хафс» риуаяты бойынша ижаза алған.

2017 жылы Нұр-Сұлтандағы «Нұр-Астана» мешітінде, 2018-2019 жылдары «Әзірет Сұлтан» мешіттерінде тарауық намаздарында Құран хатым еткен Мұртаза Ертайұлы елорда жамағатына кеңінен танымал.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру