Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Бас имам телеарнаға сұхбат берді

amin.kz 18.01.2021 2961 0 пікір
Атырау: Бас имам телеарнаға сұхбат берді

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Атырау» телеарнасындағы «Иман нұры» бағдарламасына қатысып, тікелей эфирде сұхбат берді.

Бас имам сұхбат барысында мүфтият басымдық беріп отырған негізгі бағыттар туралы әңгімеледі. Яғни биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз, қайырымдылық, сауат ашу, жат ағыммен күрес, дін мен дәстүр және ихсан ілімі бағытында кешенді жұмыс жүргізеді.

«Ихсан ілімі дегеніміз – шынайылық. Яғни сөз бен істе, кез келген жағдайда шынайы болу, кішіпейілділік, қарапайымдылық, ата-ананы сыйлау, ел үшін адал қызмет ету. Адалдық жүрген жерде жақсылық, ізгілік, береке, ынтымақ болады» деп атап өтті Алтынбек Ұтысханұлы сұхбатында.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру