Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Теміртау: Тазалық меңгерушісіне шипажайға жолдама берілді

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 15.01.2021 2203 0 пікір
Теміртау: Тазалық меңгерушісіне шипажайға жолдама берілді

Теміртау орталық мешітінің имамдары мен қызметкерлері 2021 жылдың алғашқы жиынын өткізіп, жаңа жұмыс жылының жоспарын бекітті. Жиынды Теміртау орталық мешітінің бас имамы Естай Айтуғанұлы ашып, жүргізіп отырды.

«ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Діни басқарманың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде 2021 жылы атқарылатын жұмыстардың жеті бағыты бекітілді. Осыған орай Қарағанды облысы Теміртау орталық мешітінің қызметі аталған жеті бағыт аясында жүзеге асып, мешіт қызметкерлері тарапынан қарқынды және жемісті жұмыс атқарылуы тиіс» деді Естай Айтуғанұлы.

Сондай-ақ оқу-ағарту, уағыз-насихат, қайырымдылық, дәстүрлі емес діни ағымдармен жұмыс және өзге де мешіт қызметінің салалары бойынша жауапты имамдардың пікірі тыңдалып, ұсынылған жоспарлары ортаға салынып, әр сала бойынша міндеттер бекітілді.

Жиын соңында бас имам 2020 жыл қорытындысы бойынша марапаттау рәсімін өткізіп, бірқатар дін қызметкерлеріне алғысхат табыстады. Атап айтқанда, Теміртау орталық мешітінің наиб имамдары Әлімбек Дәулетбекұлы, Асхат Нұртайұлы, Мақсат Қошқарбайұлы, Теміртау қалалық мешітінің наиб имамы Сұлтан Сайлауұлы, азаншысы Оңғар Хуанғанұлы, Ақтау кенті ауылдық мешітінің имамы Фазыл Асламденұлы, Теміртау қаласы ақсақалдар алқасының төрағасы Шынуар Серікбайұлы, шаруашылық меңгерушілері Бағдат Есіркепұлы, Нұржан Тоқтарбайұлы және тазалық меңгерушісі Гүлжан Әбілқасымқызы алғысхатқа ие болды.

Теміртау орталық мешітінің ардагер имамы Әлімбек Дәулетбекұлы мен тазалық меңгерушісі Гүлжан Әбілқасымқызына шипажайға жолдама табыс етілді. Айта кетейік, мешіт қызметкерлеріне шипажайға жолдама беру жыл сайынғы игі дәстүрге айналмақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру