Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Қайырымдылық бағыты бойынша жиын өтті

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі 14.01.2021 2092 0 пікір
Алматы: Қайырымдылық бағыты бойынша жиын өтті

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің тапсырмасына сәйкес, Алматы орталық мешітінде қайырымдылық жұмыстары бойынша жиын өтті.

Бұл басқосуға Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, Алматы қаласы өкілдігінің қайырымдылық бағытына жауапты қызметкері Мадияр Пірімқұлов және әрбір ауданның осы бағытқа жауапты имамдары қатысты.

Жиында ең алдымен қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай өткен жылы жасалған қайырымдылық жұмыстарына қысқаша тоқталып, аталған бағыт бойынша быил да нәтижелі жұмыс атқаруды тапсырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру