Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемендік шәкірттер Түркістанда болды

Өскемен аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 12.01.2021 369 0 пікір
Өскемендік шәкірттер Түркістанда болды

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі рухани жаңғыру аясында рухани-танымдық шараларын көбірек ұйымдастыруды аудан, қала мешіттеріне тапсырған болатын.

Осы бағыт аясында Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Жанұзақ ауылдық мешітінің ұйытқы болуымен «Киелі орындарға саяхат» атты сапар ұйымдастырылды. Сапарға қамтылған 7-8 шәкірттің жол шығындары ауылдық мешіт тарапынан қамтамасыз етілді.

Рухани сапар барысында шәкірттер ұлт тарихында айрықша маңызы бар орындар – Айша бибі, Қарахан, Арыстанбаб, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі секілді қасиетті орындарға зиярат етіп, ел тарихымен етене танысып, қасиетті  орындар жайлы қызықты мағлұматтар алып, ерекше әсерге бөленді.

Жобаны ұйымдастырған Жанұзақ ауылдық мешітінің бас имамы Нұрлан Қарсыласқанұлы: «Жас өрендерге еліміздегі тарихи орындарды аралатып, көрсетіп, тарихымен және құндылығымен таныстырдық. Кесенелер мен тарихи жерлерді тамашалау оларға ерекше әсер етті. Бұл сапар ұлтымыздың тарихын тануда, еліміздегі киелі жерлерді насихаттуда маңызды іс болды» деп атап өтті.

Шәкірттердің ата-аналары бұл сапардың үлкен танымдық шара болғанын атап, ұйымдастырушыларға ақжарма тілек білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі