Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Аналармен кездесу өтті

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 12.01.2021 2381 0 пікір
Түркістан: Аналармен кездесу өтті

Түркістан облысы Созақ аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Анаң – жәннатың» атты кездесу өтті.

Кездесуге мешіт жамағаты пен ақ жаулықты аналар қатысты. Алдымен Созақ ауданының имамы Мейрамбек Әбдіқұлов аналарды ардақтау, Ислам діні келгеннен кейінгі әйелдердің мәртебесі жайында насихат айтты.

Іс-шараның мақсаты ана мен бала арасындағы сыйластықты арттыру болды. Азаматтар аналарынан көпшілік алдында қателіктері үшін кешірім сұрап, сый-сияпат жасады. Аналар балаларына ризашылық білдіріп, ақ батасын жаудырды.

Кездесуге 12 ана шақырылды. Іс-шараның жалғасты болуына жамағат қолқа салды. Ендігі жүздесуді наурыз айында өткізу жоспарланды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру