Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Бас имам қариялармен жүздесті

Маңғыстау аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 11.01.2021 1875 0 пікір
Маңғыстау: Бас имам қариялармен жүздесті

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Қарақия ауданына арнайы іс-сапары барысында жергілікті ақсақалдармен жүздесті.

Бас имам алғаш болып Қарақия ауданының құрметті азаматы, геолог, шежіреші Тұрсынғали Көшеновтің шаңырағына барып, сәлем берді. Маңғыстау мешіттерінің, әсіресе Қарақия аудандық орталық мешітінің қызметімен жақсы таныс Тұрсынғали атамыз Әнуар Ізімбайұлы басқарып отырған өкілдіктің жұмыстарына көңілі толатынын жеткізді.

Кездесу соңында бас имам Маңғыстау өкілдігі атынан қарияның иығына шапан жапса, өз кезегінде сексеннің жетеуіне келген Тұрсынғали ақсақал бас имамға дүлдүл ақын Қашаған Күржіманұлының шығармалары топтастырылған «Өзімнің атым Қашаған» атты кітабын сыйға тартып, ақ батасын берді.

Айта кетейік, Тұрсынғали Көшенов – Маңғыстауға белгілі Өсербай болыстың немересі, аузы дуалы Қашаған жыраудың ұрпағы. Биыл Қашаған Күржіманұлының туғанына 180 жыл толады.

Осыдан кейін бас имам Сауд Арабиясынан атамекеніне қоныс аударып, қазіргі кезде Қарақия ауданы Аппақ ауылында тұрып жатқан Мұхаммедшах ағамыздың үйіне барып зиярат етті. Мұхаммедшах ағамыз жуырда асыл жарынан айырылған болатын. Әнуар Ізімбайұлы бастаған дін қызметкерлері, марқұм болған апамыздың рухына Құран бағыштап, Алла Тағаладан жарылқау тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру