Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: 10 отбасыға азық-түлік таратты

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 10.01.2021 2656 0 пікір
ШҚО: 10 отбасыға азық-түлік таратты

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Сауапты іске асығайық» акциясын жариялаған болатын.

Акция аясында Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық «Ақтас» мешіті қайырымдылық шарасын жасады. Глубокое кентінде тұратын тұрмысы төмен 10 отбасыға азық-түлік және тұрмысқа қажетті заттар берілді. Қайырымдылық шарасында карантин талаптары басты назарда болды.

Ізгілік шарасы туралы Глубокое аудандық «Ақтас» мешітінің бас имамы Досжан Үмбет: «Мұқтаж отбасыларыға азық-түлік таратып отырмыз. Асыл дініміздің берекетін қайырымдылық жасау арқылы насихаттаудың маңызы ерекше. Шара алдағы уақытта да жалғасады» деп атап өтті.

Қайырымдылық шарасына қатысқан отбасылар аудан мешіті қызметкерлеріне алғыс айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру