ҚМДБ қызметінің дәстүрлі бағытының бірі – қайырымдылық. Осыған орай Алматы облысы Талғар ауданына қарасты мешіттер жергілікті халықтың әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көңіл бөліп, мұқтаж жандарға көмек көрсетіп келеді.
«Зекет» қорының Талғар ауданындағы өңілдігі және аудандық мешіттің Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен өткен кезекті игі шараға дін қызметінде жүрген мешіт қызметкерлері қамтылды.
Қаңтар айындағы қайырымдылық шарасында аудан имамы Қажымұхан Қамбарұлының ұйытқы болуымен 29 имам, 6 наиб имам, 5 ұстаз, жалпы көлемі 40 дін қызметкеріне азық-түліктің барлық түрі қарастырылып, күнбағыс майы, макарон, қант, ұн, шай, күріш т.б. күнделікті тұтынатын өнімдер берілді.
Аудан имамы дәстүрге айналған қайырымдылық шарасы алдағы уақытта жалғасын табатынын айтты.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі
09.01.2021
2680
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру