Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: Тұрғындарды тегін тасымалдады

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 07.01.2021 1809 0 пікір
Өскемен: Тұрғындарды тегін тасымалдады

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті мен «Зекет» қорының Өскемен аймағындағы өкілдігі бірлесіп тұрғындарға арналған ерекше акция бастады.

«Имам такси» жобасын іске қосып, Өскемен қаласы тұрғындарын қатты аязда тасымалдай бастады. Сонымен қатар «Зекет» қорының өңірдегі өкілдігі қала ішіне тегін автобус жүргізіп, тұрғындарды тасымалдады.

Сауапты бастамаға қала тұрғындары риза болды. «Дін қызметкерлерінің сауапты бастамасына дән ризамыз. Қалада қатты аяз. Қалаішілік көліктер уақытылы жүре алмай, жүріс-тұрысқа қиындықтар туып жатыр. Осындай кезде қол ұшын берген мешіт қызметкерлеріне ризамыз» дейді қала тұрғындары.

               

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру