ҚМДБ қызметінің дәстүрлі бағытының бірі – қайырымдылық. Осыған орай Маңғыстау облысының мешіттері жергілікті халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған санаттарына көңіл бөліп, мұқтаж жандарға көмек көрсетіп келеді.
«Бір аптада – бір игі іс» қайырымдылық акциясы аясында Бейнеу аудандық мешіті имамдарының ұйытқы болуымен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттері үлестірілді.
Қайырымдылық шарасы аясында 10 мұқтаж отбасыға арнайы дайындалған азық-түлік себеттері (10 келі ұн, 5 келі күріш, 5 келі макарон өнімдері, 5 келі қант, 5 келі картоп, 5 келі сәбіз, 3 келі пияз, тұз, сүт, сұйық май, шай) таратылды.
«2021 жылды қайырымдылық іс-шарасымен бастап жатырмыз. Алла әрбір ісіміздің қайырын берсін. Аталған іс-шарамызға белсенді атсалысып, қол ұшын берген азаматтарға алғыс білдіреміз. Алла ізгі ниеттерді сауаптан жазсын!» деді «Бейнеу» аудандық мешітінің наиб имамы Камалбай Юсупбайұлы.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі
06.01.2021
2409
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру