Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Оқу ғимараты құрылысымен танысты

yassi.kz 06.01.2021 2999 0 пікір
Түркістан: Оқу ғимараты құрылысымен танысты

Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұлов Кентау қаласындағы «Балаби қари» Құран жаттау орталығында болып, орталықтың қыздарға арналған оқу ғимаратының құрылысымен танысты.

«Балаби қари» Құран жаттау орталығының директоры Арман Қуанышбаев оқу ғимаратының құрылысы қалай жүргізіліп жатқанын көрсетті.

Айналасы екі айда ғимараттың екі қабатының сыртқы қабырғасы қаланып, ішкі бөлмелерге бөлу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екі қабатын толық аяқтаған соң, үшінші қабатына кіріспек.

Арман Қуанышбаев мұнда шәкірттердің шынығуы үшін спорт зал бой көтеретінін, қос ғимаратты межелі мерзімде аяқтау жоспарланғанын атап өтті. Еркебұлан Қарақұлов Құран жаттау орталығы шәкірттерінің жай-күйімен танысып, мекеме басшылығына ризашылығын жеткізді.

Айта кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына барған сапары барысында «Балаби қари» Құран жаттау орталығының қыздарға арналған оқу ғимаратының алғашқы кірпішін қалаған болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру