Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: «Әс-сәлам» мешітіне жаңа имам тағайындалды

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 06.01.2021 3648 0 пікір
Ақтөбе: «Әс-сәлам» мешітіне жаңа имам тағайындалды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ақтөбе қаласындағы «әс-Сәлам» мешітінің жаңа имамы болып Шыңғыс Құлшаров тағайындалды.

«Әс-Сәлам» мешіті жамағатына жаңа имамды Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспан таныстырып, Бас мүфтидің бұйрығын оқып берді.

Шыңғыс Құлшаров – Нұр Мүбарак университетінің 2019 жылғы түлегі. Бұдан бұрын Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы болып қызмет еткен болатын.

Төлеби Оспан «әс-Сәлам» мешітінің бұған дейінгі бас имамы болған Мәди Орынбайұлына алғыс айтып, қызметіне сәттілік тіледі. Ақтөбе өңіріндегі дін Исламның өркендеп, дамуы үшін қызмет етіп келе жатқан Мәди Орынбайұлы мешіттің наиб имамы ретінде жұмысын жалғастырады.

Сондай-ақ Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жағабұлақ ауылдық мешітінің бас имамы болып Елдос Дүйсенбекұлы тағайындалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру