Атырауда дін қызметкерлеріне арналған оқыту дәрісі басталды. Онлайн форматта өтіп жатқан дәріске қала, аудан және ауыл имамдары қатысуда.
«Біліктілік арттыру дәрісінде негізінен діни мәселелер бойынша сабақ берілуде. Онлайн форматта өтіп жатқан дәрісте фиқһ, ақида, сира мәселелері талқылануда» дейді орталық «Иманғали» мешітінің ұстазы Ерболат Боханов.
Айта кетейік, облыстың дін қызметкерлерінің біліктілігін арттыру дәрісін Атырау қалалық Құспан молла мешітінің наиб имамы Айдын Серікбаев, Жұлдыз елдімекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің имамы Айтжан Абдиров жүргізуде.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
amin.kz
05.01.2021
2981
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру