Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұлов іс-сапармен Түлкібас ауданына барды.
Бас имамды аудан әкімінің орынбасары Ерлан Күзенбаев қарсы алып, жергілікті мешіт жамағаты мен ақсақалдар алқасына таныстырды.
Кездесу барысында республикалық имамдар форумында көтерілген зират және зиярат ету, дастарқан әдебі мен зияткер имам мәселелері сөз болды. Облыстың бас имамы ақсақалдарды рухани үдеріске үлес қосуға шақырды.
Ардагер имамдар өкілдік тарапынан алғыс хатпен марапатталды. Мешіттерге Құран кітаптары табысталды. Аудан имамы Мағаз Серікке қызметтік үй салып берген жамағат бұл жолы көлік сыйлады. Еркебұлан Қарақұлов дінге жанашырлық танытқан имамдар мен жамағатқа ризашылық білдірді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
31.12.2020
3332
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру