Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Абайдың айрықша ерлігі айтылды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 31.12.2020 2733 0 пікір
Шымкент: Абайдың айрықша ерлігі айтылды

Шымкент қаласындағы «Абдул Хамид Қаттани» мешітінде Хәкім Абайдың 175 жылдығы аясында «Абайдың мысықтілеу миссионерді жеңген ерлігі» атты танымдық-рухани іс-шара өтті.

Іс-шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы қатысып, сәттілік тіледі.

Семинар барысында «әл-Муслим» мешітінің наиб имамы Рахымжан Серикулов Абайдың миссионерлерді қалай жеңгені жайлы баяндама оқыды. Сондай-ақ қала имамының кеңесшісі Бекайдар Әміре, әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек т.б қатысушылар ойын ортаға салып, пікір алмасты.

Шара соңында Шымкент қаласының бас имамы қатысушыларға арнайы сертификат табыс етті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру