ҚМДБ-ның Түркістан облысындағы өкілдігіне жаңадан тағайындалған бас имам Еркебұлан Қарақұлов аудан-қала имамдарымен кездесті.
Биылғы жылдың есебін қабылдап, алдағы жылдың жұмыс жоспарлары талқыланды. Облыс имамы алдағы жылы діни оңалту мен зекетті насихаттауға басымдық берілетінін мәлімдеді. Сенімнен адасқан азаматтармен оң нәтижеге жеткенше жеке дара түсіндірме жүргізу тапсырылды. Саннан сапаға көшу керектігі айтылды.
Биыл өңірде «Ел үлесі – пәтерге» акциясы аясында Отырар, Сайрам, Жетісай, Бәйдібек, Созақ, Қазығұрт аудандары мен Кентау қаласында 36 үй пайдалануға берілді. Келер жылы Арыс, Төлеби, Түлкібас, Сарыағаш, Келес, Мақтаарал, Ордабасы аудандарында баспана салуды ұйымдастыру ұсынылды.
Сондай-ақ Түркістан облысы бойынша «Зекет» қорының өкілі Еркін Полатовқа ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хаты табысталды.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
yassi.kz
30.12.2020
3055
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру