Атырау имамдары 2020 жылы облыс бойынша 18 отбасының баспаналы болуына ұйытқы болды. Бұл туралы бүгін онлайн брифингте Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мәлімдеді.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында биыл 18 мұқтаж отбасыға баспана берілді. Мешіттердің ұйытқы болуымен берілген баспаналар негізінен көп балалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды, әлеуметтік жағдайы төмен шаңырақтарды қамтыды» деп атап өтті бас имам.
Бұдан бөлек, «Мектепке жол» акциясы аясында 185 отбасы балаларына оқу құралдары, қырық телефон табыс етілді.
«Ал, пандемияға байланысты онлайн форматта өткен Құрбан айт кезінде 4116 отбасыға 43 тонна ет таратылды. Облыс бойынша 6000 балаға Құрбан айт сыйлығы үлестірілді. Жалпы, Құрбан айттан бөлек, жыл бойына 7179 отбасыға 40 сиыр еті, 880 қой еті таратылды» деп нақтылады А.Ұтысханұлы.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі
amin.kz
30.12.2020
2935
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру