ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі «Зекет» қайырымдылық қорының бастамасымен бастау алған «Жүрек жылуы» акциясы Қызылорда қаласында жалғасын тапты.
Қыстың аязды күнінде өткен кезекті игі іс-шарада имамдар бастаған ерікті жамағат тұрмысы төмен 40 отбасының үйлеріне көмір жеткізіп беріп, жылу сыйлады. Мұқтаждың мұңын ойлауға үндейтін игі шара жергілікті жанашыр азаматтардың демеушілігімен жүзеге асырылды.
Айта кетейік, биылғы жылу маусымында бастау алған аталмыш акция аясында осыған дейін 14 сырбойылық отбасыға 20 тонна көмір таратылған болатын.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
aqmeshit.kz
30.12.2020
3411
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру