Қостанай облысы Әулиекөл аудандық «Әмит ишан» мешітінің ұйытқы болуымен кейінгі жастарға үлгі боларлық қайырымдылық шарасы өтті.
Аталмыш тағылымы мол акцияға аудандық ішкі саясат бөлімі мен жас еріктілер де ат салысты. Олар қыстың суық күні көшені тазалап жүрген биржа жұмысшыларына қолдан келген көмектерін аямады.
Қақаған желтоқсан айының аязына қарамастан тазалық сақтауда ұйымшылдық танытып жатқан кісілерге ыстық тамақ пен шай жеткізіп, адамгершілік секілді сауапты істі жүзеге асырды. Қолдарына күрек ұстаған ер азаматтармен бірге жүрегі нәзік әйелдер де болды. Олар уақытпен санаспады.
Қыстың көзі қырауда тазалық жасаушылар аудандық мешіттің имамдарына мейірімділік және жомарттық қасиеттері үшін шынайы алғыстарын білдіріп, оларға жауапты жұмыстарында биік абыройға бөлене берулеріне тілектес екендіктерін жеткізді.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
akmechet.kz
30.12.2020
2764
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру