Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Шәкірттер арасында Құран жарысы өтті

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 30.12.2020 3319 0 пікір
Қарағанды: Шәкірттер арасында Құран жарысы өтті

Қарағанды облысына қарасты Балкен ана ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа оқудан жарыс өтті.

Жарыста қатысушылардың Құранды жатқа айтуы мен тәжуидпен (қағидаларымен) көркем оқуына баса мән берілді. Сайыс барлық карантиндік талаптарға сай өтті. Жалпы 2 – номинация бойынша өтті. Жарыс барысында 15 жасқа дейінгі балалар арасында 1 пара оқу бойынша:

1-орын – Құттыбай Дарын Дәулетұлы («Балкен ана» мешіті)

2-орын – Олжабай Айшуақ («әл-Мәшәни» мешіті)

3-орын – Масанов Абдульанес («Абай» мешіті)

Ал «Ең жас қари» номинациясы Сманов Мұхаммедке («Абай» мешіті) бұйырды. Сондай-ақ «Жеңіске үміткер» номинациясын Өскенұлы Ерасыл («Жыржыс қажы» мешіті) мен Воншонло Арафат («Абай» мешіті) еншіледі.

Үлкендер арасында 1 парадан оқу бойынша:

1-орын Олжас Есенұлы атындағы қайырымдылық орталығының шәкірті Айтбаев Жақсылыққа бұйырды. 2-орынды Олжас Есенұлы атындағы қайырымдылық орталығының шәкірті Қосылбеков Нұрхан еншіледі. 3-орынды «Жартас» мешітінің шәкірті Мусаров Рамазан иеленсе, «Көрермен көзайымы номинациясы Оразбек Берікке («Балкен ана» мешіті) бұйырды. Ал «Үміткер» номинациясын Амантай Елжан («Балмағамбет Балқыбайұлы» мешіті) місе тұтты. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қаржылай сыйлыққа ие болса, барлық қатысушыға ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру