ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша өкілдігі Жастар ісі секторының бастамасымен Жалағаш аудандық «Иманқұл ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Қолыңнан келсе, қолғабыс ет!» акциясы өткізілді.
Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, аудан орталығында жұмыс істеп жатқан көше тазалығы қызметкерлеріне, емхана құрылысында еңбек етушілерге, жалдамалы жұмыс жасаушыларға, көлік жүргізушілеріне ыстық тамақтар, ыстық шай мен тіскебасар тәттілер таратылды.
Акцияның мақсаты – жастарға үлкендерді құрметтеуді, еңбекті бағалауды насихаттау және мейірімді болуға, жақсылық жасауға шақыру.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
aqmeshit.kz
29.12.2020
2947
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру