Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Үшкемпіровтың құрметіне жарыс өткізілді

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 29.12.2020 2649 0 пікір
ШҚО: Үшкемпіровтың құрметіне жарыс өткізілді

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мешіті аудан әкімдігімен бірлесіп жастар арасында футболдан жарыс өткізді. Сайыс Олимпиада чемпионы, қазақтың даңқты палуаны Жақсылық Үшкемпіровтің құрметіне арналды.

«Бұл сайысты өткізудегі негізгі мақсатымыз – спортшы жастарды қолдау, оларға салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың бұқаралық спортқа қызығушылығын арттыру, жамағаттың бірлігін бекемдеу деп атап өтті Көкпекті ауданының бас имамы Нұрнәсір Дүйсенұлы.

Сайысқа аудан орталығы мен ауылдардан спортшы жастар қатысып, бәсекенің мерейін асырды. Аудан жастарынан бірнеше команда құрылды. Бәсекені тамашалаушы жанкүйерлер де табылып, сайыс тартысты, қызықты өтті.

Даңқты тұлғаның құрметіне арналған сындарлы бәсекеде оза шауып, топ жарған спортшыларға аудан әкімдігі мен аудандық мешіт атынан сыйлықтар табысталды. Сайысқа қатысушылар көңілді әрі тартысты бәсеке болғанын айтып, риза болып тарқасты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру