Ақтау қалалық Бекет ата мешітінде қайырымдылық мақсатында 40 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды.
«Биылғы жыл ешкімге оңайға соққан жоқ. Әсіресе пандемия мұқтаж отбасылардың жағдайына одан әрі кері әсерін тигізді. Мешіт қызметкерлері тізімдегі көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмектесуді жыл соңына дейін жалғастырып келеді» деді Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің бас имамы Құрбанбек Абдалиев.
Қайырымдылық аясында ұн, қаймақ, сүт, кәмпит, печенье, май, макарон және көкөніс өнімдері таратылды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
29.12.2020
3200
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру