Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Мүбарак университеті жылды қортындылады

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 29.12.2020 3079 0 пікір
Нұр-Мүбарак университеті жылды қортындылады

Нұр-Мүбарак университетінің бір жылдық қорытындысы жаңа бастамаларды сүйіншіледі. Сынға толы 2020 жылдың сан түрлі кедергілері мен қиындықтарына қарамастан, университет жылды жақсы нәтижемен қорытындылады.

Жыл басында университет құрылымы жаңа талаптарға сай толық өзгертіліп, жаңа департаменттер құрылған болатын. Сондықтан университеттің ең маңызды саласы Академиялық мәселелер департаменті бойынша директоры филология ғылымының кандидаты Жалғас Сандыбаев өткен жылғы өзгерістер мен онлайн оқыту жүйесіндегі кездескен түйткілдерді алға тартып, болашаққа қажетті ұсыныстарды ортаға салды.

Ал 12 бағытта жұмыс жүргізген Тәрбие және әлеуметтік даму департаментінің директоры Жандос Нысаналиев алдағы жылға қосымша 6 бағытты ұсынды. Бұл департаменттің биылғы ерекшелігі оқу орнында білім алушылардан өзге жалпы қоғамдағы кәсіпкерлер мен білімге ынталы азаматтарға арналған кешкі курс ұйымдастырып, жоғары нәтиже көрсетіп үлгерді. Сондай-ақ мұның ел арасындағы жат ағымдарға қарсы бірден бір тосқауыл екені байқалуда.

Университеттің шаруашылық саласы, IT орталығының жаңалығы да сүйіншіге толы. Университетте жаңа аудиториялар ашылып, заманауи озық технологиялармен жабдықталды. Мәселен, Білім алушыларға қызмет көрсету орталығы ашылып, ол арнайы платформасы бар көпфункциялы ақпараттық кқұрылғымен жабдықталды. Одан бөлек интерактивті дисплей тақтасы секілді жаңа мүмкіндіктер жасалуда.

Жақында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған арнайы топ университеттің жаңа ғимараттың іргетасын қалады. Сол кезде оқу орнының құрылысына қатысты мән-жайды «Білім-Қазына» қоғамдық қорының басшылары жан-жақты жеткізген болатын. Оралхан Сейдманов басқаратын қоғамдық қордың қызметіне жоғары баға берген проректор, доцент Қайрат Құрманбаев жыл соңында жаңа ғимаратқа кіру жоспарын бөлісіп, ұжымды бір серпілтті.

Университеттің мақтан тұтатын саласы ғылыми-зерттеулер, жаңа еңбектер мен оқулықтар, кітаптардың жағдайы да қорытындыланып, жаңа жобалар талқыланды. Жыл қорытындысы бойынша университет басшылығы ұжым белсенділеріне алғыс хат беріп, ел игілігі үшін алдағы жылы да сәттілік пен бірлікте қызмет етуге ниет білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру