Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Наиб имамның еңбегі еленді

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 28.12.2020 2856 0 пікір
Қарағанды: Наиб имамның еңбегі еленді

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы әрі Жастар ісі секторының өңірдегі жауапты өкілі Нұржігіт Оразалыұлы Мұсабеков Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы алғыс хатымен марапатталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Еріктілер жылы жарияласа, соған орай Діни басқарма алға бірнеше жоспарлар мен мақсаттар қойып, соны жүзеге асыру мақсатында әрбір өкілдікке тапсырмалар жүктеген болатын.

Облыстық «Әнет баба» мешіті және Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен бірнеше игі шаралар, қайырымды істер, онлайн пікір-таластар мен сұхбаттар және дәрістер ұйымдастырылды. Осылайша Қарағанды облысы өкілдігі еріктілер жылын жемісті аяқтады. Әсіресе, биылғы сынға толы, ел басына туған уақытша сынақ уақытында «Жастар ісі» секторының жұмысы айқын көрінді.

Айта кетейік, осыдан дәл екі жыл бұрын «Жастар ісі» секторының жанынан арнайы «Шарапат» еріктілер тобы құрылған болатын. Бүгінде аталмыш топтың құрамы көбейіп, жастардың жігері арта түскен. Олар облыстық «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен жүзеге асқан қайырымды шараларының бел ортасынан табыла білді. Пандемия кезінде де жандарын шүберекке түйе отырып, мұқтаж жандардың отбасыларына қажетті заттарды жеткізіп берді. Осындай жауапкершілігі зор һәм сауабы мол істі дөңгелетіп, тағы бір жылды жемісті аяқтаған Жастар ісі секторының жауапты өкілінің ерен еңбегі Мемлекет тарапынан бағаланып отыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру