Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодарда халықаралық теологиялық семинар өтті

kazislam.kz 28.12.2020 2657 0 пікір
Павлодарда халықаралық теологиялық семинар өтті

Павлодар облысы Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің ұйытқы болуымен «Құран және сүннет контекстіндегі метафора»тақырыбында халықаралық семинар өткізді.

Онлайн-семинардың мақсаты: тұспалданған сөз өрнектерінің мәнін ашуға көмектесетін Құран мен Сүннетте қолданылған «маджаз»- метафораларды түсіндіру және сипаттау. Бірыңғай рухани қоғамды қалыптастыру, діни көзқарастардың радикалдануына әкелетін қасиетті мәтіндерді түсінуде діндарлар арасындағы келіспеушіліктердің алдын алу.

Семинарды Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дәулет Зәкәриянов кіріспе сөзбен ашты. Кездесудің модераторы Павлодар облысының бас имамы, теолог Жолдаc Қоспақұлы болды.

Онлайн-семинар барысында ислам ғылымдарының докторы, Египет Әл-Азхар университетінің оқытушысы, Имам Матуриди мен Имам әл-Ашари еңбектерін зерттеу жөніндегі ғылыми жұмыстардың авторы Хамдулла Ассофти «Маджаз ұғымы және оның мәні» тақырыбында баяндама жасады.

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының оңалту бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев тәуил қасиетті мәтіндерді түсіндіру ұғымы мен маңызы туралы айтып берді. Ал Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов әхли сунна уәл-жамаға ұстанушыларының маджаз мәселелеріндегі ұстанымдарын түсіндірді.

Имам Жолдас Қоспақұлының айтуынша, қасиетті мәтіндерде метафораларды немесе тұспалданған сөз өрнектерін қолдану тақырыбы бүгінгі күні өте өзекті. Құран аяттарының тура және метафоралық мағынасы бар. Дәріскерлер мәтіндерді тура және бейнелі мағынада қалай қабылдау керектігін түсіндірді.

«Салафиттік мағынадағы кейбір ағымдар метафораларды мойындамайды, діни мәтіндерді тура мағынада қабылдайды. Осыған байланысты оларда зайырлы қоғаммен келіспеушіліктер жиі болады, олар жастардың радикалдануына әкелуі мүмкін», - дейді Жолдас Қоспақұлы.

Осындай оқыту кездесулерін өткізу өңірлердегі дін мәселелері бойынша АТТ мүшелерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған. Кездесу барысында алынған жауаптарды имамдар мен теологтар деструктивті ағымдарды ұстанушылармен жұмыста қолдана алады.

Онлайн конференцияға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 60-тан астам имамдар мен теологтар, дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері қатысты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру