Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы «Шаңырақ ш/а» қалалық мешітінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік мерекесі мен ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай қала мешіттері жамағатының арасында «Алланың көркем есімдері» атты жарыс өткізді.
Алғы сөзді алған «Шаңырақ ш/а» қалалық мешітінің бас имамы Мырза Мұхаммадюсуфұлы жиналған жамағатқа Алланың көркем есімдерінің қадір-қасиеті жайлы айтып, діни сайысты ашық деп жариялады.
Жастардың жат ағым жетегінде кетпеудің алдын алу, ұлттық құндылықтарды насихаттау, ата-баба дәстүрін ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған жарысқа Жаңаөзен қалалық орталық «Әбіш қожа» мешітінің ұстазы Нұрмұханов Қарасай, «Шаңырақ ш/а» қалалық мешітінің ұстазы Өтебақ Әжімұхан, Қызылсай ауылы «Мұханмедин Шихыұлы» мешітінің ұстазы Долдаев Нұрбол сияқты тәжірбиелі ұстаздардан құралған қазылар алқасы төрелік етті.
Үміткерлердің Алла Тағаланың көркем есімдерін жатқа айтуы, мағынасын ашып беруі, Алланың есімдерін пайдаланып дұға ету қабілеттері сыналып, әділ қазылардың шешімімен Баракат Мұхаммеджанұлы І орынды, Исмағанбетов Қуандық ІІ орынды және Өтеқасымов Еркін ІІІ орынды иеленді.
Жүлделі орын иелерінің әрқайсысына арнайы диплом, діни мағынадағы сурет және исламтанушы Сәмет Оқанның «Әр күніңді әсемде» атты кітабы табыс етілді. Қалған барлық қатысушыларға алғыс хат пен елімізге белгілі исламтанушы Мұхитдин Исаұлының «Иман және дәстүр құпиясы» атты кітабы сыйға берілді.
Айта кетейік, аталмыш спорттық іс-шара барысында барлық санитарлық-эпидемиологиялық шаралар қатаң сақталып, мешіт тарапынан арнайы антисептикалық құралдар қойылып, медициналық бетперде таратылды.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
28.12.2020
3070
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру