Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: «Хазірет Али» мешіті ашылды

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 27.12.2020 3621 0 пікір
Қарағанды: «Хазірет Али» мешіті ашылды

Қарағанды шаһары тағы да бір мешітпен толығып, «Хазірет Али» мешіті ғимаратының ашылу рәсімі өтті.

Игі іс-шараға Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Бекқожа және аймаққа қарасты дін қызметкерлері мен қала жамағаты, ақсақалдар және БАҚ өкілдері қатысты. Мешіттің ашылу салтанатында облыстың бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы ғимараттың ашылуын көптен күткен жамағатты құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Сондай-ақ берекелі һәм сауапты істі қолына алып, асыл дініміздің аймағымызда кеңінен құлаш жаюына үлкен үлес қосып, мешіт салу құрылысымен айналысып жүрген Ерғожа Алтай Оралтайұлына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы алғыс хатын табыстап, ыстық сәлемін жеткізді. «Әр алыптың артында ана тұрады» деп айтқандай, осындай шарапаты мол істі дөңгелетіп жүрген азаматты дүниеге әкеліп, игі істің себепкері болган Ерғожа Гүлнар Қыдырмақызына да Бас мүфтидің арнайы алғыс хаты ұсынылды.

Ислам тарихында мешіт салу – барша пайғамбарлар шұғылданған қадірлі іс болған. Алла үйін салған адамдарға қатысты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды».

Алтай Оралтайұлының Қарағанды өңіріне сіңірген еңбегі ерен. Айта кетейік, осыдан бір жыл бұрын Қарағанды қаласына қарасты Күнгей ықшамауданында да жаңа мешіттің құрылысын тәмамдап, халықтың игілігіне ұсынған болатын. Ашылған мешітке Қазыбек би бабамыздың есімі берілді. Ал төрт мың адамға арналған тағцы бір мешіт Жезқазған қаласында салыну үстінде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру