Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: Өңір ақсақалдарының форумы өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 25.12.2020 3228 0 пікір
Өскемен: Өңір ақсақалдарының форумы өтті

Имамдардың IV республикалық онлайн форумында қабылданған құжаттарды насихаттау бағытында Өскемен аймағы өкілдігі Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде онлайн режимде «Ислам мәдениеті және XXI ғасырдағы ұлттық дәстүр» атты өңір ақсақалдарының IV форумын өткізді.

Аталған іс-шара және Өскемен аймағында жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп еле жатқан ақсақалдар форумының кезекті жалғасы ретінде жасалды. Алқалы шараға онлайн түрде өңір ақсақалдары, имамдар, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Форумның басты мақсаты Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың тетіктерін жетілдіру және дін мен дәстүр сабақтастығын нығайтуға бағытталды.

Жиында сөз сөйлеген ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы жыл сайын өтетін дәстүрлі форумның қоғам сұранысына жауап беретін өзекті мәселелерді талқылайтын алаңға айналғандығын айта келе: «Жуырда Бас мүфти хазіретіміз Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Елордамызда өткен Республикалық имамдары форумында қабылданған құжаттарды халыққа насихаттаудың маңызы ерекше. Бұл құжаттар дәстүрмен дін рәсімдерді бір жолға салуда өз нәтижесін береді. Имамдар форумының шешімдерін насихаттауды тек мешіт ішіне, имамдар арасында ғана емес ақсақалдар, белсенді жамағаттар ат салысып халық арасында насихаттаса өте игі іс болар еді» деп атап өтті. Бас имам сонымен қатар қазақ қоғамында ақсақалдардың ролі аса зор екендігін, ақсақалдардың береке мен татулықтың ұйтқысы екендігін айтып өтті.

Жиында ҚР Мәдениет қайраткері, ШҚМУ-дың доценті, ҚАЕУ-дың «Құрметті прфессоры» Нәбиолла Кемешев, Облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Манарбек Мұхамеджанов, Өскемен қалалық «Мұхамади» мешітінің бас имамы Ибраһим қажы Қарнақбайұлы, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бірінші наиб имамы Дәулет Қабидолдиндер баяндама жасады.

Баяндамашылар көптеген құнды ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Атап айтқанда Нәбиолла Кемешев салт-дәстүрді және діни рәсімдерді бір арнаға тоғыстыруда бұл құжаттардың маңызы ерекше болатындығын айта келе, осы ел ішіне кең насихаттауға ақсақалдар мүдделі болуы керек деді. М.Мұхамеджанов өз сөзінде: «ҚМДБ соңғы қабылдаған құжаттарында жаңа болмыс пен ұлттың сапасын арттыруға өзіндік үлес қосу ниеті жатыр деп ойлаймыз. Бұл әбден құптарлық бастама, жақсы ниет. Сондықтан ақсақалдар қауымы діни басқарма өкілдерімен бірге оны насихаттауға, қолданысқа енгізуге ниеттімін» деп атап өтті.

Баяндамашылар өткен жылдардағы форумдардың да нақты ықпалы арта түскендігін айтты.

Ақсақалдар форумында Өскемен өңірі халқына арнап үндеу жолданды.

Үндеуде:

1. Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV Республикалық онлайн-форумында қабылданған «Зират және зират мәдениеті», «Ас беру мәдениеті» құжаттарында белгіленген талап өтініштерді орындай отырып, руханиат шеңберінен шықпай халқымыздың ұлттық құндылықтарын дәріптеуге;

2. Ас беру және зиратты зиярат ету рәсімдерінде халқымыздың салтында бекітілген шариғат талаптарын сақтауға;

3. Ас беруде және марқұмның басын үйлеуде ысырапшылдыққа жол бермеуге;

4. Сапалы әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында білім мен ғылым жолындағы шәкірттерге, Құран курстарына, ағайын-туыстың қиналған уақытында жәрдемдесуге және халыққа пайдалы ғимараттар салуға шақырамыз, - делінген.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру