Шымкент қаласы, Абай ауданы «Масжидур Рохман» мешітінің ұйытқы болуымен «Мұқтаждың мұңын бөліс» атты қайырымдылық шарасы өтті.
Іс-шара барысында алдымен ұйымдастырушы «Масжидур Рохман» мешітінің бас имамы Анарғали Керімбеков сөз алып, демеушілік жасаған азаматтарға алғыс айтып, көмекке мұқтаж отбасыларға насихат айтты.
Қайырымдылық шара барысында көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі мұқтаж жандардың тұрмыс жағдайы назарға алынды. Жалпы көмекке мұқтаж 10 отбасыға құны жиырма мың теңгені құрайтын азық-түлік (ұн, май, қант, шәй, макарон, күріш, картоп т.б.) заттар үлестірілді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
iman.kz
25.12.2020
3290
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру