Қарағанды облсының Теміртау қаласында орналасқан «Тұңғыш Президент музейінде» өңір имамдарының алқалы жиыны өтті.
Аймақтың бас имамы Өмірзақ Қазкенұлының төрағалығымен өткен қорытынды жиында өңір мешіттерінің ҚМДБ тарапынан берілген тапсырмалар бойынша бір жылда атқарған жұмыстарына шолу жасалып, нәтижелері бағаланды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігі биылғы жылды жемісті аяқтады. Діни басқарманың 30 жылдық мерейтойы аясында бірнеше мешіт жөндеуден өтіп, бірқатар аймақтарда бұлақ көздері ашылып, жол мен көпір салынды. Олжас Есенұлы атындағы қайырымдылық орталығынан екі бірдей қари шыңдалып шықты. Сегіз шәкіртке білім гранты берілді. Екі пәтер үлестірілді.
Пандемия уақытында көптеген қайырымдылық шаралары ұйымдастырылса, офлайн (карантинге дейін) және онлайн уағыз-насихат жұмыстары жүргізіліп, дәрістер өткізілді. Жат ағыммен күрес бағыты бойынша да нәтижелі жұмыстар атқарылып, діни мамандандырылған білікті кадрлар қатары толықты.
Жиын барысында облыс бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы 20 жылдан астам қызмет етіп келе жатқан ардагер имамдарды «Қазақтан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл» мерекелік медалімен марапаттады. Атап айтқанда, Төлтаев Ербол Мұқанұлы, Мукаев Аманбол Рымқұлұлы, Ақпаров Қондыбай Серікбайұлы және де Қоныскерей Құмарұлының еңбегі еленді.
Сондай-ақ биылғы жылдың сынға толы қиындықтарына қарамастан асыл дініміздің насихатталуы мен ел игілігі үшін аянбай еңбек еткен дін қызметкерлеріне ризашылығын білдіре отырып, өкілдік тарапынан дайындалған «Үздік имам», «Белсенді имам», «Үздік қаламгер» номинацияларын табыстады. Одан бөлек жауапты һәм сауапты қызметін көп жылдан бері сапалы әрі тиянақты орындаған ардагер имамдар алғыс хатпен марапатталды.
Мешіттің ішкі-сыртқы қызметімен айналысып жүрген мамандар мен ауыл имамдары да арнайы марапатқа ие болды.
Жиын барысында облыс имамдары Елбасының еңбек жолы басталған Теміртау қаласындағы ҚР Тұңғыш Президентінің мәдени-тарихи орталығындағы арнайы экскурсияға қатысты. Жылдық төралқа жиынына қатысқан дін қызметкерлеріне арнайы дастархан жайылып, Құран оқылып, облыс бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы батасын берді.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі
ihsan.kz
25.12.2020
3157
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру