Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Хәкім Абай мұралары дәріптелді

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 24.12.2020 2840 0 пікір
Шымкент: Хәкім Абай мұралары дәріптелді

Шымкент қаласы Еңбекші ауданындағы «Сейткәрім қажы» мешітінде Хәкім Абайдың 175 жылдығы аясында «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» атты танымдық-рухани шара өтті.

Іс-шара барысында Шымкент орталық мешітінің наиб имамы Мұхамеджан Естеміров Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының құттықтау сәлемін жеткізді. Мұндай шараның барлық аудан деңгейінде өткізу қажеттігін және Абай мұраларын әр имам күнделікті уағыз-насихат жүргізу барысында кеңінен қолдану, насихаттау керектігін атап өтті.

Рухани шара барысында «Сейіткәрім қажы» мешітінің бас имамы Бақтияр Байтелиев Абай атамыздың мұраларын асыл дінімізбен сабақтастырып, әсерлі баяндама оқыды. Осыдан кейін дінтанушы Азамат Әбдікерімұлы, қала имамының кеңесшісі Бекайдар Әміре, әл-Фараби аудандық мешітінің бас имамы Ахметжан Керімбек, Қаратау аудандық мешітінің бас имамы Дастан Желеуов, Еңбекші аудандық мешітінің бас имамы Берік Қалдаров ойын ортаға салды.

Шара соңында Шымкент қаласының бас имамы атынан барлық қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру