Жамбыл облысы әкімдігі Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен кофессияаралық келісім мен татулықты нығайту мақсатында құрылған Діни бірлестіктер басшылары клубының кезекті отырысы өтті.
Жиынға діни бірлестіктердің өңірдегі филиалдардың басшылары мен өкілдері, құқық қорғау және өзге де органдардың қызметкерлері қатысып, дін саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Жиынға Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев, «Құлбай баба» мешітінің бас имамы Амангелді Ембергенов, «Асым ата» мешітінің бас имамы Хамидулла Ахметов қатысты.
Клуб отырысында Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев өңірдегі дінаралық татулықты нығайту және Қордай ауданындағы діни қатынастарды реттеу бағытында атқарылған шаралар тақырыбында баяндама жасады. Бас имам діни ахуалды жіті бақылауда ұстап, діни бағыттағы жұмыстардың сапасын жақсарту мақсатында атқарылған жұмыстар жайлы баяндады.
«Діни тұрақтылығымызға нұқсан келтіретін еліміздегі деструктивті ағымдармен күрес күн тәртібінен түскен емес. Мешіттеріміз Діни оңалту жұмыстары бағытында 6907 адам қатысқан 202 жалпы кездесу, 168 жеке кездесу, 5 түзеу мекемесіндегі 188 жеке кездесу, 28 жалпы кездесу өткізіп, оған 474 адам қамтыды. 36-ға жуық мақала, видео жарияланды. Жеке кездесу нәтижесінде 27 азамат дәстүрлі бағытқа қайтып, қазіргі уақытта 26 азамат Ханафи мазһабына бейімделуде. Түзеу мекемелерінде 26 сотталушы дәстүрлі бағытқа оралып, 13 адам бейімделу үстінде» деді Бейбіт Мырзагелдиев.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі
24.12.2020
2693
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру