Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Сұлтан: Суық күнде жылы көңіл-күй сыйлады

ummet.kz 24.12.2020 2939 0 пікір
Нұр-Сұлтан: Суық күнде жылы көңіл-күй сыйлады

«Нұр Астана» мешітінің ұжымы демеушілердің қолдауымен «Астана Тазалық» ЖШС қызметкерлеріне қыстың суық күнінде жылы көңіл-күй сыйлады.

Дінімізде тазалыққа айрықша мән беріледі, тіпті «иманның жартысы» деп айтылады. Хадистерде қоршаған ортаны таза ұстау жайында да қатаң ескертілген. Осы орайда ауа-райының қолайсыздығына қарамастан елорда көшелерінің таза болуы үшін күні-түні еңбектеніп жүретін мешіт аумағына бекітіліген «Астана Тазалық» ұжымына демеушілердің қолдауымен қаржылай және еттей сый-сыяпат берілді.

Кездесуде «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазанов «Астана Тазалық» ЖШС қызметкерлеріне  мешіт жамағаты атынан алғысын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру