Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық «Ұранхай қажы» мешіті ерекше іс-шара өткізді. Аудандық мешітте өткен жиынға жыл бойы мешіт шаруасына қызмет көрсеткен ерікті жастар құрметтелді.
«Ұранхай қажы» мешітінің бас имамы Айдын Құсманұлы еріктілер алдында сөз сөйлеп: «Биылғы індет жайлаған қиын кезеңде еріктілердің қызметі ерекше болды. Ауданымыздың саналы, иманды жастары мешітіміздің қайырымдылық шараларына белсенді қатысты. Дінімізде қиналғанға көмек берудің өзі үлкен сауап екені айтылған. Сондықтан мешіт атынан ерікті жастарды марапаттауды жөн көрдік» деді.
Сондай-ақ бас имам ерікті жастарға мешіт атынан алғыс хаттар мен сыйлықтар ұсынды. Жиында сөз алған жастар елдің амандығы үшін қандай да қызметке даяр екенін білдіріп, мешітке алғыс білдірді.
Айта кетейік, «Ұранхай қажы» мешіті жыл көлемінде мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету, ауруханаларға көмек беру секілді бірқатар игі қайырымдылық шараларын атқарып, Ақсуат тұрғындарының ықыласына бөленді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
24.12.2020
2854
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру