«Қолыңнан келсе, қолғабыс ет!» атты қайырымдылық акциясы аясында Қарағанды қалалық «әл-Машани» мешітінің ұйымдастыруымен көше тазалықшыларына ыстық ас үлестірілді.
Игі шара барысында шаһарымызды қалың қардан тазартып, сауапқа толы қызмет атқарып жүрген 70 тазалықшыға 10 келі палау мен 6 литр ыстық шай берілді. Қала тазалықшылары осындай игі әрі берекеті мол шараны ұйымдастырған дін қызметкерлеріне алғыс айтып, ризашылық білдірді.
Алла Тағала Құранда:«Сендер адамдардың арасынан шығарылған қайырлы үмбет болдыңдар..» (Әли Имран, 110) деп мұсылмандарды жақсылық жаршылары ретінде сипаттап, ұдайы жақсылық жасауға шақырған. Жаратқан Иеміз Құран аяттарында мұсылмандарға қарата: «Жақсылық жасаңдар, сонда нағыз жетістікке жетесіңдер» деген. («Хаж» сүресі, 77-аят), «Кімде-кім мысқалдай (тозаңның салмағындай) жақсылық жасаса, соның қарымын алады» («Зілзала» сүресі, 7-аят) деген болатын.
«Қолыңнан келсе, қолғабыс ет!» атты қайырымдылық акциясының мақсаты да осы – қасиетті кітапта айтылғандай, жақсылық жасап, қайырлы үмбет болуға ұмтылу.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
24.12.2020
2649
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру