Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Форум құжаттары таныстырылды (ФОТО)

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті taglym.kz 23.12.2020 3047 0 пікір
Талдықорған: Форум құжаттары таныстырылды (ФОТО)

ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің ұйымдастырумен орталық «Иман» мешітінде аймақтық имамдар форумы өтті.

Жиында Діни басқарманың 30 жылдық мерейтойына орай Нұр-Сұлтан қаласында өткен имамдардың IV республикалық онлайн-форумында қабылданған «Ас беру мәдениеті», «Зират және Зиярат мәдениеті» және «Зияткер имам тұжырымдамасы» құжаттары таныстырылды.

Зиялы қоғам белсенділерінің пікірін білу мақсатында ұйымдастырылған форумға облыстың Дін істері басқарма басшылары, ақсақалдар кеңесі мүшелері, мешіт қамқоршылар кеңесі мен имамдар және БАҚ өкілдері қатысты.

Бұған дейін Қаратал және Көксу аудандарында өткен шараның жалғасы болған аталмыш жиында құжаттарды Жетісу жұртшылығына кеңінен насихаттау, мұсылман қауымы арасында ұлттық рухани дәстүрлерге негізделген діни рәсімдер мен жоралардың мәдениетін қалыптастыруда ақсақалдар кеңесі мүшелері мен қоғам белсенділерінің арасында дәріптеу сынды ойлар тілге тиек болды.

Сонымен қатар, жиын соңында өңірдің өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы Бас мүфти атынан «ҚМДБ 30 жыл» мерекелік төсбелгісімен Талдықорған өңірінің наиб имамы, қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Алмас Сағидоллаұлын, Көксу ауданының бас имамы Еділбек Талқанбайұлын, Үштөбе қаласының бас имамы Таласбай Абударданды және Сарқан ауданы, Көкөзек ауылының имамы Мәжит Шаріпханұлын марапаттады.

Ал, Ескелді ауданының бас имамы Ордыбай Мұхаммедке «Халал  Даму» ЖШС директорының алғыс хаты табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру