Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл: Қордай ауданына жаңа имам тағайындалды

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 23.12.2020 3104 0 пікір
Жамбыл: Қордай ауданына жаңа имам тағайындалды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Жамбыл облысы, Қордай ауданының бас имамы болып Асқар Зәкіржанұлы тағайындалды.

Жаңа бас имамды Қордай жамағатына ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев таныстырып, Бас мүфтидің бұйрығын оқып берді. Ал бұған дейін ауданның бас имамы қызметін атқарған Дәурен Нұржанұлы Құттыбаев аудандық «Қордай» мешітіне наиб имам әрі «Қордай» құран қариларын дайындау орталығына ұстаз болып тағайындалды.

Бас имам Бейбіт Мырзагелдиев аудандағы өзгерістердің мүфтияттың жұмысына оң серпін беретінін, бейбітшілікпен келісімді нығайтуға сенім білдіріп, имамға жұмыс бағыттарын түсіндіріп, қызметіне табыс тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру