Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Тұрмысы төмен отбасыларға көмір берілді

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 23.12.2020 2690 0 пікір
ШҚО: Тұрмысы төмен отбасыларға көмір берілді

Қайырымдылық бағытындағы іс-шараларды әртүрлі форматта жасау мақсатында Өскемен аймағы өкілдігі бірқатар игі іске ұйытқы болуда.

Мәселен, жақында ғана Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық «Ақтас» мешітінен Глубоке кентінде тұратын тұрмысы төмен 4 отбасыға қыстық көмір түсіріліп берілді.

Бұл туралы Глубокое аудандық «Ақтас» мешітінің бас имамы Досжан Төлегетайұлы: «Біз әлеуметтік аз қамтылған топтардың аудан бойынша картасын жасап, оларға жәрдем көрсетіп отырмыз. Бұл шара алдағы уақытта да жалғасын табады. Қыс мезгілінде отын аса маңызды болғандықтан, осы қайырымдылық шарасын жасадық» деп атап өтті.

Көмекке ие болған отбасылар аудандық мешітке алғыстарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру