Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Қолыңнан келсе, қолғабыс ет!

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 22.12.2020 2723 0 пікір
Қостанай: Қолыңнан келсе, қолғабыс ет!

ҚМДБ Қостанай облыстың өкілдігі Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен «Қолыңнан келсе, қолғабыс ет!» атты акция басталды.

Іс-шараның мақсаты – қыс айларындағы ауа-райының қолайсыздығына қарамай тазалық сақтау мақсатында жұмыс істеп жүрген азаматтарға мейлінше көмек көрсету.

Таяуда Арқалық, Рудный, Тобыл қалалары мен Ұзынкөл ауданында осындай акция өтті. Акция барысында аязды күндері дамыл таппай ел игілігі үшін қызмет атқарып жатқан кісілерге ыстық шай мен құнарлы тамақ берілді.

Осылайша еріктілер өздерінің лайықты үлесін қосты. Олар қолдан келген көмегін аяған жоқ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру