ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің «Сауапты іске асығайық» акциясына орай Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданына қарасты «Ақтан» мешіті бірнеше қайырымдылық шарасын өткізді.
Аудан тұрғыны Бақыт Әскербекқызының немересіне күрделі ота жасауға қаржы тапшылығы қолбайлау болып отырған болатын. Аудандық мешіттің араласуымен бұл игі іс өз шешімін тауып, мешіт атынан 200 мың теңге көлемінде көмек берілді.
«Ақтан» мешітінің бас имамы Мирас Көкебаев: «Денсаулық – басты байлық. Денсаулығы үшін күресіп жатқан науқас балаға көмек көрсеттік. Себебі Ислам дінінің бір ұлағаты – қиналған көмек беру» деп атап өтті. Сонымен қатар мешіттің мұқтаж жамағатына 100 мың теңге көлемінде көмек берілді.
Сондай-ақ мешіттің ұйымдастыруымен қайырымдылық мақсатында жылқы сойылып, етін түгелдей Алтай қаласында тұратын мұқтаж жандарға таратылды.
«Қыс мезгілінде соғым союға мүмкіндігі жоқ отбасылар аз емес. Осы жағдайды ескеріп, тұрғындарға арнап мал сойып етін үлестіріп бердік» деді «Ақтан» мешітінің бас имамы. Қайырымдылық шараларына аудан тұрғындары риза болды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
22.12.2020
2590
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру