Халқымыздың ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні құрметіне орай ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі бойынша өткен аптада «Астана тазалық» ЖШС қызметкерлеріне бірқатар қайырымдылық шаралары жасалды.
Қысы-жазы табиғаттың қолайсыздығына қарамастан құлшылық ордаларының сыртқы тазалығы мен ауладағы реттілікке жауапкершілік арқалаған азаматтармен Нұр-Сұлтан қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов арнайы кездесіп, азық-түлік сөмкелерін табыстады.
Айта кетейік, күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері салынған қайырымдылық сөмкелері «Әзірет Сұлтан» мешітінің аумағына бекітіліген «Астана тазалық» ұжымының 30 қызметкеріне табыс етілді.
Сондай-ақ, өткен аптада елордалық «Әр-Рахман» және «Ырыскелді қажы» мешіттері де бұл игі бастамаға өзіндік үн қосып, тазалықшыларға түскі ас ұйымдастырып берген болатын.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі
muslim.kz
21.12.2020
3040
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру