Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Аудандық мешітте асхана ашылды (ФОТО)

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 21.12.2020 3182 0 пікір
Қостанай: Аудандық мешітте асхана ашылды (ФОТО)

Қостанай облысының Амангелді ауданындағы «Сатыбалды ишан» мешітінің жанынан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығына орай Тәуелсіздік күнінің қарсаңында жоғарыда аталған мешіт асханасының ашылу салтанаты өтті.

Рәсімге пандемия талаптарын сақтай отырып аудан әкімі Әмірхан Біркенұлы, Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет және елге сыйлы қонақтар қатысты. Жиында аудан әкімі Әмірхан Біркенұлы осы асханаға атсалысқан барша жерлестеріне, мекеме, ұйым жетекшілеріне шын жүректен шыққан шынайы алғысын жеткізді.

Ал бас имам Бахытбек Тәжімбет аудан халқын тәуелсіздік мерекесімен және асхананың ашылуымен құттықтап, олардың отбасына бақыт, зор денсаулық тіледі. Салтанат барысында аудандағы ардақты ақсақалдардың бірі – Балға Нұрғожин барлық қолдау көрсеткен азаматтарға алғысын жаудырып, жерлестеріне ізгі тілегін білдірді.

Ал асхана құрылысына көмегін тигізген аудан әкіміне, ұжымдар мен азаматтарға облыс және аудан бас имамының атынан алғыс хат тапсырылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру