Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары мен Дін істері басқармасы бірқатар дін қызметкерлерін марапаттады.
Марапаттау рәсімі Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өтті. Іс-шараға облыстық Дін істері басқармасының басшысы Н.Құнанбаев және өңір имамдары қатысты.
Жиынды ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы сөз сөйлеп ашып, ең әуелі Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Бас имам: «Еліміздің Тәуелсіздігі біздің баға жетпес байлығымыз. Азаттықтың арқасында Қазақстан сындарлы белестерден өтіп, ірі жетістіктерге жетті. Асыл дініміздің мұсылман қауыммен қайта қауышып, түлеуі азат күннің жемісі» деп атап өтті.
Салтанатты рәсімге қатысқан имамдардың алдында сөз сөйлеген ШҚО Дін істері басқарамасының басшысы Н.Құнанбаев: «Еліміздегі баянды беййбітшілікті, толеранттылық пен қоғамдық келісімді нығайтуға ҚМДБ және имамдарымыз зор үлес қосып келе жатыр. Халықтың мәдени-тарихи, рухани құндылықтарын сақтауға аянбай еңбек етіп келе жатқан имамдарымыздың ерен еңбегін бағалау орынды. Індет жайлаған қиын кезеңде дін қызметкерлері халықтың ауыртпалығын бөлісіп, көптеген қайырымдылық іс-шараларын жасады» дей келе, бірқатар имамдарға облыс әкімінің орынбасарының атынан және басқарманың атынан «Алғыс хат» ұсынды. Олардың қатарында ҚМДБ-ға ұзақ жылдар бойы еібек етіп, халыққа қызмет етіп келе жатқан имамдар бар.
Өкілдік тарапынан имамдардың еңбегін лайықты бағалап жатқан әкімдікке алғыс айтылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
furqan.kz
21.12.2020
3116
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру