Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Тазалықшыларға тамақ үлестірді (ВИДЕО)

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 20.12.2020 2889 0 пікір
Қарағанды: Тазалықшыларға тамақ үлестірді (ВИДЕО)

Қарағанды облысы Теміртау орталық мешіті мен «Sauap» еріктілер орталығы «Қолыңнан келсе, қолғабыс бол» қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, «Теміртау тазалық» ЖШС-нің көше тазалықшыларына ыстық тамақ пен шай үлестіріп, көңілдерін бір серпілтіп тастады.

Ислам діні тазалық мәселесіне ерекше көңіл бөлетінін білеміз. Жаздың шіліңгір ыстығы мен қыстың қақаған аязына қарамай, қаламыздың таза болуын қадағалап, оны абаттандыру, көркейту бағытында қажырлы еңбек етіп жүрген жандар аз емес.

«Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің бір хадисінде «Тазалық – иманның жартысы» деп айтқан. Сіздер қоғамның игілігі үшін еңбек етіп жатырсыздар. Алла баршаңызға разы болып, еңбектеріңізге береке берсін» деді Теміртау орталық мешітінің бас имамы Естай Айтуғанұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру