Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен елімізде «Қайырымдылық керуені» акциясы жалғасын табуда.
Осынау игілікті мақсатқа арналған шара Қостанай облысының көптеген қала, аудандарында қолдау тауып жүзеге асырылып келеді. Жақында ғана өңірдегі Федоров аудандық «Жиентай қажы» мешітінде акция ұйымдастырылып, жұртшылықтың үлкен алғысына ие болды. Мешітте көмекке мұқтаж 30 отбасыға және көпбалалы аналарға азық-түлік қоржыны табыс етілді.
Мұндай қамқорлыққа кенелген бауырларымыз шексіз қуанышқа бөленіп, мешіт қызметкерлері мен демеушілерге жүректен шыққан шынайы лебіздерін білдірді.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
akmechet.kz
20.12.2020
2660
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру