Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Ұлық мерекеде жасалған қайырымдылық

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 20.12.2020 2950 0 пікір
Маңғыстау: Ұлық мерекеде жасалған қайырымдылық

Тәуелсіздік мерекесіне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі «Тәуелсіздік – Тәңірдің сыйы» қайырымдылық керуенін арнайы ұйымдастырды.

Ең алдымен, Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде қасиетті Құран аяттары оқылып, сауабы қазақ халқының, еліміздің еркіндігінің жолында шейіт болған боздақтарымыздың рухына бағышталды.

Бұдан кейін, ҚМДБ-ның Маңғыстау өңірі бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлының басшылығымен тұрмыс жағдайы төмен 70 жанұяға арналған азық-түлік себеттері көліктерге тиеліп, дін қызметкерлері мен еріктілердің көмегімен көмекке мұқтаж отбасылардың үйлеріне жеткізілді.

«Тәуелсілдік күні – еліміздің әр азаматы үшін айтулы күн. Халқымыздың, осы күнге қандай қиындықпен қол жеткізгенін ұмытпауымыз керек. Бұл қайырымдылық акциясы ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы мен «Қайырымдылық керуені» жобасы аясында жүзеге асып отыр. Сауапты іс-шарамызға атсалысып, демеушілік көрсеткен қолы ашық, жүрегі жұмсақ азаматтарға алғыс білдіреміз. Алла сіздерге разы болсын! Тәуелсіздігіміз баянды болсын, құрметті ағайын!», деді бас имам Әнуар Ізімбайұлы қайырымдылық іс-шарасының соңында.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру