«Руханият» бірлестігінің ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала аудандық мешітінде мешіт жамағаты арасында үстел теннисінен аудандық жарыс ұйымдастырылды.
Алдымен аудан имамы Жомарт Лұқпанов сөз алып, мерекемен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәтттілік тіледі. Үстел теннисі сайысы қызықты да тартысты болды. Жарысқа мешіт жамағатынан 10 адам қатысты. Әр ойыншы өзінің шеберлігін танытып, спортқа деген қызығушылығын көрсете білді. Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды ережесіз жекпе-жектен облыстың жеңімпазы және ауданымыздың бапкері Ақжол Әділғалиев иемденді.
Екінші орынды футбол ойынында да үлкен шеберлігімен көзге түсіп жүрген және облыстың үздік қақпашыларының бірі Нұрлыбек Нұртайұлы алды. Жүлделі үшінші орынға Жаңақала аудандық мешітінің наиб имамы Алтынбек Болатов ие болды. Жарыс жеңімпаздарына «Руханият» бірлестігі атынан грамоталар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі
19.12.2020
2938
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру